МЫҢДАҒАН ФЕРМЕРЛЕР БРЮССЕЛЬДІҢ ОРТАЛЫҒЫН ЖАУЫП ТАСТАДЫ

МЫҢДАҒАН ФЕРМЕРЛЕР БРЮССЕЛЬДІҢ ОРТАЛЫҒЫН ЖАУЫП ТАСТАДЫ

Бельгиядағы фермерлердің ереуілі Брюссельорталығындағы қозғалысты шектетті. 3 наурызда үш мыңға жуық трактор қала орталығын жауып тастады. Фермерлер Үкіметтің экология қаупіне байланысты ондаған фермаларды жабу жоспарына наразылық білдіруде, деп хабарлайды Tengrinews.kz Octagon Media сілтемесімен.

Экологтардың пікірінше, құс шаруашылығы мен шошқа кешендері топырақ пен экологияға орны толмас зиян келтіреді. БельгияФландриясында жасалған «азот жоспары» 2025 жылға қарай 40 ферманы жоюды білдіреді. Жоспардың параметрлері Еуропалық одақтың талаптарына және оның экологиялық қауіпсіздік стандарттарына сәйкес жасалған.

Алайда фермерлер бұл жоспарды сала үшін тым радикалды деп тапты.

Брюссель билігі азаматтарға қала орталығына баруды ұсынбады. Фермерлер жолдарды тракторлармен жауып қана қоймай, дөңгелектерді күйдіре бастады.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер