ТОҚАЕВ: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КООПЕРАТИВТЕРІНЕ СУБСИДИЯ БЕРІЛЕДІ

ТОҚАЕВ: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КООПЕРАТИВТЕРІНЕ СУБСИДИЯ БЕРІЛЕДІ

Ауыл тұрғындарына 5-7 жылғажылдық өсімі 2,5 пайыз болатын шағын несие беріледі. Бұл туралы бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясының ашылуындағы сөзінде айтып өтті.

«Биыл тағы 1,5 мыңнан астам жобаға бюджеттен 143 миллиард теңге бөлінеді.Мен сайлау алдында ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту қажеттігі туралы анық айттым.Бұл – маңызды міндеттің бірі. Оны ауыл шаруашылығы кооперациясы арқылы жүзегеасыру керек.Сол үшін «Ауыл аманаты» жобасы қолға алынады», — деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы кооперативтері халыққа қызмет көрсету және өнімөткізу үшін құрылады. Оларға құрал-жабдық және техника сатып алу үшін субсидия беріледі. Осы мақсатқа 1 триллионға жуық теңге бөлінеді.

«Ауыл – ел бесігі», «Ауыл аманаты» жобалары ауылды дамытуға арналған жаңа тұжырымдамаға арқау болуға тиіс. Топырақтың құнарын сақтап, оны жақсарту үшін жүйелі шаралар қабылдау қажет. Ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану үшін бақылауды күшейту маңызды. Өнім көлемін арттыруға және оны әртараптандыруға баса мән берген жөн. Ауыл шаруашылығы саласындағы реформаларға сапалы заңдар қажет. Бұл жұмысқа Мәжілістен орын алған «Ауыл» партиясы өз үлесін қосады депсенемін», — деді Президент.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер