ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ФЕРМЕРЛЕРГЕ КӨМЕКТЕСУГЕ УӘДЕ БЕРДІ

ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ФЕРМЕРЛЕРГЕ КӨМЕКТЕСУГЕ УӘДЕ БЕРДІ

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу облысының жұртшылығымен кездесу барысында осы жазда туындаған қант дағдарысы туралы еске салды.

«Қант төңірегіндегі жазғы дүрбелең отандық фермерлерді қолдаудың маңыздылығын көрсетті. Біз тек қазақстандық фермерлерге көмектесеміз. Біз отандық агросекторға қолдау көрсетуді жалғастырамыз. Осының арқасында Жетісу облысы елдегі қант өндіру орталықтарының біріне айналады», — деді Президент.

Оның айтуынша, Үкімет 2026 жылға дейін қант саласын дамыту жоспарын әзірледі, іске асыруға шамамен 500 млрд теңге инвестиция тарту көзделген. Алдағы бес жылда отандық қанттың үлесін 7%-дан 43%-ға дейін арттыру көзделіп отыр.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер