ТОҚАЕВ ФЕРМЕРЛЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУГЕ УӘДЕ БЕРДІ

ТОҚАЕВ ФЕРМЕРЛЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУГЕ УӘДЕ БЕРДІ

Бұл туралы ПрезидентҚасым-Жомарт Тоқаев «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлықтарының жеңімпаздарын марапаттау салтанатында сөйлеген сөзінде айтты.

“Агробизнес экономикалық дамудың бір қозғаушы күші болуы керек. Бұл елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етужәне азық-түлік инфляциясын төмендету үшін стратегиялық маңызы бар сала. Осы тұста еліміздің барлық шаруаларына, ауыл шаруашылығы мамандарына алғыс айтамын”, — деді Президент.

Мемлекет басшысы биыл 23 млн тонна дәнді дақыл жиналғанын атап өтті.

«Фермерлерге мемлекет тарапынан қолдау көрсетуміндетті түрде жалғасады. Биылдан бастап ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдікпен лизингке алу үшін берілетін қаражат көлемі 40 млрд теңгеге ұлғайды. Бұл диқандарымызға 1000 бірлік қосымша техника алу мүмкіндігін берді”, — дедіол.

Бұдан бөлек Президенттің айтуынша, елімізде егін егу және оны жинау жұмыстарына жеңілдікпен несие беру көлемі 2 есеге өскен.

“Келер жылдан бастап көкөніс өнімдерін шығару үшін фермерлерге форвардтық несие беру бағдарламасы іске қосылады. Оған шамамен алғанда 100 млрд теңге қаржы бөлінеді», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер