АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

Өнеркәсіптік жылыжай кешені Атырау облысы Махамбет ауданы Ақжайық ауылдық округінде іске қосылды. Қуаттылығы 1 600 тоннаға дейін өнім, ал ауданы төрт гектарды құрайды, деп хабарлайды world of nan.

«Біздің өңірде алғаш рет бірегей жылыжай кешені ашылуда. Жоба Махамбет ауданының тұрғындарына ғана емес, облысымыздың барлық ауыл шаруашылығы саласы үшін маңызды. Сонымен қатар, бұл жаңа жұмыс орындарын құру. Біздің тұрғындардың заманауи жабдықтармен жұмыс істеу мүмкіндігі бар», — деді ашылу салтанатында аймақ әкімі Серік Шапкенов.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, «Н.М. Жұмағалиева» шаруа қожалығы іске асырған жобаның құны 3 млрд теңгеден асады.

Үш блоктан тұратын кешенде тек біреуі ғана жұмыс істейді. Болашақта қалғандарының құрылыс жұмыстары басталады. Жылыжайда жұмыс істейтін 60-тан астам қызметкердің 40-тан астамы жергілікті тұрғындар.

"Қуаты жылына 900 тонна қызанақ пен 700 тонна қияр. Күніне қызанақ өнімі 6 тонна, қияр-7тонна. 9 ай ішінде әр бұтадан тәулігіне 18 кг өнім алу жоспарлануда", — деп хабарлады әкімдік.

Кешеннің жұмысы автоматтандырылған. Тамшылатып суару жүйесінің арқасында әр өсімдік қажетті ылғал мен тыңайтқыш алады. Болашақта жылыжай кешенінің аумағын 16 гектарға дейін ұлғайту жоспарлануда.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер