НЕСИЕЛІК СУБСИДИЯЛАР: БҰҰ ФЕРМЕРЛЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТЕДІ

НЕСИЕЛІК СУБСИДИЯЛАР: БҰҰ ФЕРМЕРЛЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТЕДІ

БҰҰ Даму бағдарламасының мамандары фермерлерге қандай субсидиялар алуға болатынын айтып берді.

Шаруашылықта энергияны үнемдейтін және жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) пайдаланатын қазақстандық фермерлер БҰҰ даму бағдарламасынан қаржылық қолдау ала алады.

Яғни, «жасыл жобаларға» несие алған кәсіпкерлерге 25% және 40% несие субсидияланады, сонымен қатар сол несиеге 85% кепілдік беріледі.

Қаржылық қолдау бағдарламаларын жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғалар және шаруа қожалықтары пайдалана алады. Үш негізгі жоба аясындақаржылық қолдаудың үш бағдарламасы жұмыс істейді.

Нәтижесінде шаруа ЖЭК қолданатын өз бизнесі үшінекінші деңгейлі банктен несие алады. Содан кейін ол БҰҰ Даму бағдарламасының субсидиясын пайдалану үшін «Даму» қорына жобаны ұсынады. Егер жоба мақұлданса, несиенің 25 немесе 40 пайызын БҰҰ даму бағдарламасы қайтарымсыз негізде өтейді. Мысалы, егер шаруа банктен 10 млн теңгеге несие алса, онда БҰҰ даму бағдарламасы оның 25% — ын немесе 40% — ын қайтарымсыз негізде өтейді.

Бұдан басқа, кредит алу кезінде кепіл болмаған жағдайда БҰҰ даму бағдарламасы кредит сомасының 85% — ына кепілдік беруге дайын.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер