ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫ БАҒАЛАРЫН ТҰРАҚТАНДЫРУ. СМАИЛОВ ТАҒЫ ҚАНДАЙ ТАПСЫРМА БЕРДІ

ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫ БАҒАЛАРЫН ТҰРАҚТАНДЫРУ. СМАИЛОВ ТАҒЫ ҚАНДАЙ ТАПСЫРМА БЕРДІ

Бүгінгі үкімет отырысы барысында премьер-министр Әлихан Смайылов өңір әкімдіктері мемлекеттік органдармен бірлесіп, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру, азық-түлік өнімдерінің өндірісін ынталандыру және ішкі нарықты толықтыру бойынша жұмыстарды күшейту тапсырмасын берді.

Оның айтуынша, тамыз айының қорытындысы бойынша елімізде жылдық инфляция 16%-дан асып кетті.

Сондай-ақ Смайылов негізгі салалар бойынша қазіргі қарқынды төмендетпеу керектігін айтты. Отырыстағы баяндамаға сәйкес ауыл шаруашылығында, саудада, көлік және байланыс салаларында оң динамика тіркелген.

«Барлық негізгі көрсеткіштер Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстары мен Шымкент қаласында өсіп отыр. Барлық өңір әкімдіктері экономиканың өсу қарқынын төмендетпеуі керек», — деді ол.

АӨК саласындағы өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер.