ДАҚЫЛДАР СЕЛЕКЦИЯСЫН ДАМЫТУҒА БӨЛІНЕТІН ҚАРЖЫ 5 ЕСЕ АРТАДЫ

ДАҚЫЛДАР СЕЛЕКЦИЯСЫН ДАМЫТУҒА БӨЛІНЕТІН ҚАРЖЫ 5 ЕСЕ АРТАДЫ

Сәуір айында ауыл шаруашылығы дақылдарының селекциясы мен тұқым шаруашылығы саласын дамытудың 2024 – 2028 жылдарға арналған кешенді жоспары қабылданады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сенат депутаттарының сауалына жолдаған жауабында Премьер-Министр Әлихан Смайылов осындай мәлімет келтіреді.

«Ауыл шаруашылығы дақылдарының селекциясы мен тұқым шаруашылығы саласын дамытудың 2024 – 2028 жылдарға арналған кешенді жоспарының жобасы 3 бөлімнен тұрады: аграрлық ғылымды, селекцияны және бастапқы тұқым шаруашылығын дамыту; техника мен жабдықты жаңарту жөніндегі шаралар; тұқым шаруашылығының тиімді жүйесін құру, сондай-ақ жарғылық капиталды ұлғайту, тұқымдарды сертификаттау жүйесін енгізу арқылы селекциялық мекемелерді материалдық-техникалықжарақтандыруға бюджет қаражатын бөлу жөніндегі іс-шаралар енгізілген.

Қазіргі таңда кешенді жоспар мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың мақұлдауынан өтуде. Соның қорытындысы бойынша осы жоспарды сәуір айында бекіту жоспарланып отыр», — деп жазады Әлихан Смайылов.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер