ӘКК 800 МЛН ТЕҢГЕГЕ АЗЫҚ ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫН ЖЕТКІЗУ БОЙЫНША МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІ ОРЫНДАМАДЫ

ӘКК 800 МЛН ТЕҢГЕГЕ АЗЫҚ ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫН ЖЕТКІЗУ БОЙЫНША МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІ ОРЫНДАМАДЫ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ағымдағы жылы 2019-2021 жылдар кезеңінде 17 әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияның қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізді. Көптеген сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, сондай-ақ ӘКК-нің нақты қызметінің оларды құрудың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келмеуі анықталды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Олжас Бектенов депутаттық сауалға жауап ретінде хабарлады, деп жазады eldala.kz.

Атап айтқанда, оның айтуынша, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандырудың қолданыстағы тетіктері тиісті нәтиже бермейді.

«2019-2021 жылдары бюджеттен осы мақсаттарға 38,5 млрд теңге жұмсалды. Үлестес, мамандандырылған емес және қаржылық орнықты емес компанияларға жеңілдікті қарыздар беріледі, ӘМАТ — тың келісімшартталған көлемін жеткізуді бақылау жоқ, қаражат нысаналы мақсатқа сай пайдаланылмайды (банктердегі депозиттерге орналастырылады, айналым қаражаты ретінде пайдаланылады және т.б.)», — деді Олжас Бектенов.

Биылғы жылдың басынан бері ғана ӘМАТ-тың бағасы ел бойынша 11,4% — ғаөсті, ал ӘКК-нің азық-түлік тауарларын жеткізу бойынша орындалмаған міндеттемелерінің сомасы 800 млн теңгеге жетті.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер