СМАЙЫЛОВ: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ ҚАНТ МӘСЕЛЕСІНДЕ ЖАЙБАСАРЛЫҚ ТАНЫТТЫ

СМАЙЫЛОВ: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ ҚАНТ МӘСЕЛЕСІНДЕ ЖАЙБАСАРЛЫҚ ТАНЫТТЫ

Қазақстан Премьер-министрі Әлихан Смайылов ауыл шаруашылығы министрлігінің елді қантпен қамтамасыз ету мәселесіндегі жұмысын сынға алды.

«Министрліктің жұмысы жеткіліксіз. Квота бөлу ішкі нарықты тұрақтандыра алмады, өйткені тиісті деңгейдегі ұйымдастыру мен талдау болған жоқ. Бұған қоса, ведомство басшылығының шешім қабылдаудағы жайбасарлығы да әсер етті. Елде дүрлігу орыналды», — деді ол.

Оның айтуынша, АШМ тарапынан әкімдіктер мен ұйымдардың тиісті өнімдерді жеткізуге уақытылы келісімшарттар жасау жұмысы дұрыс үйлестірілмей отыр. Өңірлердегі тұрақтандыру қорларын уақытылы толықтыру жұмыстарын бақылау да әлсіз.

«Жұмысқа атүсті қарау немесе орындамау жалғаса беретін болса, өңірлер мен министрліктер бойынша кадрлық шешімдер қабылдаймыз», — деді Әлихан Смайылов.

Елдегі қант мәселесі қазір де ашық күйінде қалып отыр. Аймағыңызда қант бағасы қанша?

Malbazar телеграм-арнасына пікірлеріңізді қалдырыңыздар.