БІР ШАРУАШЫЛЫҚҚА ҚАНША ТІРІ МАЛ ЭКСПОРТТАУҒА РҰҚСАТ ЕТІЛЕДІ?

БІР ШАРУАШЫЛЫҚҚА ҚАНША ТІРІ МАЛ ЭКСПОРТТАУҒА РҰҚСАТ ЕТІЛЕДІ?

2022 жылғы 31 желтоқсаннан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығына сәйкес Қазақстанда ауыл шаруашылығы жануарларын ел аумағынан әкетудің жаңа ережелері пайда болды, деп хабарлайды ауыл шаруашылығы ведомствосы.

— Қазақстан аумағынан үшінші елдерге және Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттеріне (ЕАЭО сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды 0102) 60 000 бастан аспайтын бұқашықты шығаруға;

— Қазақстан аумағынан үшінші елдергежәне ЕАЭО мемлекеттеріне (тауар номенклатурасының коды 0104) 120 000 бастан аспайтын қошқардышығаруға рұқсат.

Бұйрыққа сәйкес квоталар тек 12 айдан асқан бұқалар мен 6 айдан асқан қошқарларға белгіленеді, сондай-ақ аналық малға қолданылмайды.

ІҚМ бойынша бір бордақылау алаңына 500, бір тауар өндірушіге 200 бас, ал ұсақ мал бойынша бір бордақылау алаңына 1000, бір тауар өндірушіге 500 мал басына квота алуына рұқсат.

Бүгінгі таңда экспортқа бағытталған 602 бас ірі қара мал карантинге қойылды.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер