ҚАЗАҚСТАНДА ҚАНША АСТЫҚ ҚОРЫ БАР?

ҚАЗАҚСТАНДА ҚАНША АСТЫҚ ҚОРЫ БАР?

1 қарашадағы деректер бойынша Қазақстанда дәнді және бұршақ дақылдарының қоры 19 млн 440 мың 633 тонна көлемінде бағаланды.

Сонымен қатар, елімізде 15 млн 642 мың 974,7 тонна бидай бар. Сондай – ақ, ұлттық статистика бюросының деректері бойынша астықтың жалпы көлемінен азық – түлікке 15,7 млн тонна, ал тұқымға — 1,3 млн тонна және жемшөп мақсатына — 2,4 млн тонна арналған.

Бұдан басқа, азық – түлік бидайының қоры 13,9 млн тоннаны, жемдік бидай – 621,5 мың тоннаны, тұқым — 1 млн тоннадан асады. Сонымен қатар, қоймаларда айдың басында 2,3 млн тонна арпа, 533,6 мың тонна жүгері, 268,3 мың тонна күріш, 212 мың тонна сұлы,78 мың тонна қарақұмық болды.

Астықтың жалпы көлемінің 7,3 млн тоннасы ауыл шаруашылығы өндірушілерінің қоймаларында және 4,3 млн тоннасы шаруа қожалықтарында. Тағы 1,2 млн тонна астық – ұн тартушылар мен жарма өндірушілерде, сондай – ақ 4,8 млн тонна-элеваторларда. Айтпақшы, қалған астық көтерме саудагерлер мен басқа да заңды тұлғалардың үлесіне тиеді.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер