ҚАЗАҚСТАНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ҚАНША ЖҰМЫРТҚА ӨНДІРІЛДІ?

ҚАЗАҚСТАНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ҚАНША ЖҰМЫРТҚА ӨНДІРІЛДІ?

Статистика бюросы қазақстандық құс фабрикаларында өндірілген жұмыртқалардың санын есептеді. 10 айда Қазақстанда 4,2 млрд-тан астам жұмыртқа өндірілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5%-ға артық, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Өңірлер бөлінісінде тауық жұмыртқаларын шығарудың ең көп көлемі Ақмола облысына тиесілі — 616,5 млн дана. Жетекші өңірлердің үштігінде Алматы (613,4 млн дана) және Солтүстік Қазақстан облыстары (610,0 млн дана). Ең аз жұмыртқа Алматы қаласында және Маңғыстау облысында өндіріледі, ал елордада жұмыртқа өндірісі мүлдем жоқ.

Айта кетейік, әрбір қазақстандық айына орта есеппен 16 дана жұмыртқа тұтынады.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер