ЖАРТЫ ЖЫЛ ІШІНДЕ ҚАЗАҚСТАННАН ҚАНША БИДАЙ МЕН МЕСЛИН ЭКСПОРТТАЛДЫ?

ЖАРТЫ ЖЫЛ ІШІНДЕ ҚАЗАҚСТАННАН ҚАНША БИДАЙ МЕН МЕСЛИН ЭКСПОРТТАЛДЫ?

$ 1 млрд, дәл осындай сомаға жарты жыл ішінде ел бидаймен меслин экспорттады.

Бұл ретте бидай мен меслиннің экспорттық бағасы бір айда 10% — ға және бір жылда 32% — ға өсті. Экспорттың өзі заттай мәнде 3%-ға және құндық мәнде бірден 40%-ға өсті, деп хабарлайды energyprom.kz.

Мәселен, экспортқа 3,3 млн тонна бидай мен меслин жөнелтілді. Өсім заттай көріністе 3,2%-ды, ақшалай көріністе — 40,4%-ды құрады.

Өнімнің басым бөлігі ТМД елдеріне жөнелтілді. Ең көп көлем Өзбекстан (1,5 млн тонна), Тәжікстан (416 мың тонна) және Түркіменстанға (217,9 мың тонна) экспортталды.

ТМД құрамына кірмейтін әлемнің өзге елдеріне 1 млн тонна бидай жөнелтілді. Иран — 458,9 мың тонна, Ауғанстан — 267,3 мың тонна және Италия — 151,2 мың тонна.

Ағымдағы жылы бидайға арналған егіс алаңы 12,9 млн га құрады — өткен жылмен салыстырғанда бұл 0,2%-ғаартық.

Өңірлік бөліністе ең жоғары көрсеткіштер дәстүрлі түрде Ақмола облысында байқалды: 4,1 млн га, оған қоса жылына 2,8%. Көшбасшылар үштігінде Қостанай (3,5 млн га, минус 3%) және Солтүстік Қазақстан (2,4 млн га, плюс 0,2%) облыстары да бар.

Қазақстанда егін жинау науқаны қызу жүріп жатыр, астық арзандауда. Шілде айында шамамен 180 мың теңге тұратын бір тонна бидай нарықта 130-135 мың теңгеге сатылады.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер