МАЛ АЗЫҒЫНА СУБСИДИЯНЫ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ҚАНША ШАРУАШЫЛЫҒЫ АЛА АЛАДЫ?

МАЛ АЗЫҒЫНА СУБСИДИЯНЫ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ҚАНША ШАРУАШЫЛЫҒЫ АЛА АЛАДЫ?

Павлодар облысында етті бағыттағы шағын және орта шаруақожалықтарын аналық мал басына жем-шөп шығындарының құнын арзандатуға субсидиялау бойынша шектеулер алынып тасталды. Аймақтағы 1,5 мыңнан астам шаруа қожалықтары мал азығына субсидия ала алады.

«Ағымдағы жылы ІҚМ және ұсақ мал басының саны бойынша шектеулерді алып тастау туралы шешім қабылданды. Осылайша, ет бағытындағы ІҚМ үшін субсидиялау нормативі 1 бас үшін 7 мың теңге, ұсақ мал үшін — 3 мың теңге деңгейінде белгіленді», — деп хабарлады Павлодар облысы әкімінің орынбасары Мейрам Өтешов Instagram парақшасында.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда жалпы сомасы 1,4 млрд теңгеге 912 өтінім қабылданды.

Өтінімдер ағымдағы жылдың 20 желтоқсанына дейін қабылданады.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер