Синоптиктер елімізде тамыз айының басында ауа райы қандай болатынын айтып берді

Синоптиктер елімізде тамыз айының басында ауа райы қандай болатынын айтып берді

Синоптиктер 2023 жылдың 1-3 тамызында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, республика бойынша жауын-шашынды ауа райы сақталады.

"Алдағы тәуліктерде Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен байланысты болады. Салдарынан найзағай ойнап, екпінді жел, бұршақ жаууы мүмкін", - делінген хабарламада.

Болжам бойынша, еліміздің батыс аймақтарында қысым күшейеді - жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Біздің Instagram, Youtube, Телеграм-канал аккаунттарымызға тіркеліп, еліміздің қызықты агрожаңалықтарынан хабардар болыңыздар.