ҚХР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КОМПАНИЯДАН 18 МЛН ДОЛЛАРҒА ШҰБАТТЫ САТЫП АЛАДЫ

ҚХР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КОМПАНИЯДАН 18 МЛН ДОЛЛАРҒА ШҰБАТТЫ САТЫП АЛАДЫ

Қытайдың импорттық тауарлардың Бесінші халықаралық көрмесінде Қазақстаннан түйе сүтін өндіретін «Golden Camel» кәсіпорны ҚХР сауда компанияларымен 2 келісімшарт жасасты. Келісімшарттық міндеттемелердің жалпы сомасы 18 миллион долларды құрайды, деп хабарлайды World of Nan.

«Golden Camel Group Ltd» түйе сүтін өңдеп, дайын өнімді экспортқа жібереді. Қытайлық инвесторлардың қатысуымен құрылған кәсіпорынның қызметі Түркістан облысында түйе шаруашылығының дамуына ықпал етеді. 2018 жылы компания қуаттылығы тәулігіне 100 тонна шикізат түйе сүтін өңдейтін зауыт салды. Түйе ұнтағының алғашқы партиясы 2020 жылы Қытайға экспортталды.

Сондай-ақ, көрмені өткізу барысында Қазақстан Сыртқы сауда палатасы мен Қытай сауда палатасы арасындамашина жасау және электрондық өнімдердің импорты мен экспорты бойынша ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Құжат біздің елдеріміздің нарықтарына жоғары технологиялық өнімдерді өндіру мен жеткізуді дамытуға ықпалететін болады.

Қытайдың Бесінші халықаралықимпорттық тауарлар көрмесі (China International Import Expo (CIIE) – жыл сайын Шанхай қаласындағы National Exhibition and Convention Center көрме кешенінде өткізілетін ірі көп салалы іс-шара. 2022 жылы көрмеге 145 елдің компаниялары қатысады. Қазақстандық өнімді 25 кәсіпорын ұсынады.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер