Көктемгі егіс науқаны басталды, бірақ шаруалар мемлекеттен қажетті субсидияны әлі ала алмай жүр. Ауыл шаруашылығы министрлігі "Қолдаудың" орнына ашқан жаңа gosagro.kz сайтын толық іске қоса алмай отыр. Министрлік "шикі" платформаны пайдалануға беріп, енді шаруалар субсидиясыз қалды. Онлайн платформаның жүйесіз жұмысының салдары ауыр – азық-түлік қымбаттап, шаруалар мүлдем егін егуден бас тартуы мүмкін, деп хабарлайды inbusiness.kz "Атамекен" ҰКП сілтеме жасап.
"Қанша айтылса да, құзырлы мемлекеттік орган субсидияға өтініv қабылдайтын (gosagro.kz) жүйедегі кемшіліктерді жоюдың орнына құрғақ уәдемен сан соқтырып келеді", - елінген ұлттық палата хабарламасында.
Биыл АШМ gosagro.kz бірыңғай мемлекеттік ақпараттық субсидиялау жүйесін қосты. Оның функционалы да, өкінішке қарай, фермерлердің өтінімдерін онлайн тапсыруға және оларды мемлекеттік органдардың қарауына ғана негізделген.
Несиенің сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау бойынша осы уақытқа дейін (2022 жылы мақұлданған) резервке түскен өтінімдердің тізімі жоқ. "Хабарлама" беру процесі қарастырылмаған, яғни төлемдерді қайта жүргізген фермерлер мемлекеттік қолдау шараларын: ішінара мерзімінен бұрын өтеу, құқық иесінің ауысуы және басқаларды ала алмай отыр.
Бұл Субсидиялардың бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесі (Gosagro) бойынша проблемалардың ең аз бөлігі ғана.
Біздің Телеграм-каналымызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыздар.