АУЫЛ КӘСІПКЕРІ ВЕТЕРИНАРЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫН АШТЫ

АУЫЛ КӘСІПКЕРІ ВЕТЕРИНАРЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫН АШТЫ

Жәнібек Алтынбеков 2017 жылдан бастап мал бордақылаумен айналысатын жаскәсіпкер. 2021 жылдың қыркүйегінде ол ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді қолдау жобасына қатысып, Қызылорда облысы Қоғалыкөл ауылында ветеринарлық қызмет көрсету орталығын ашты, деп хабарлайды world of nan.

Жобаны іске асыруға 3 млн 400 мың теңге көлемінде гранттық қаражат бөлінді. Жәнібек оларға 340 мың теңге көлемінде қосымша қаражат қосып, жұмысқа кірісті.

Алдымен Жәнібек ағасымен бірге үйдің алдына екі бөлмелі кәсіпкерлік нысан салынды. Оны қажетті құрал-жабдықтармен жабдықтап, жануарларға арналған дәріхана ашуға дайындады.

Ауылда барлығында дерлік мал бар. Мал бағумен айналысатын ауыл тұрғындарына енді аудандық және облыстық орталықтарға барып, малға қажетті дәрі-дәрмек түрлерін алудың қажеті жоқ.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер