АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНА БИЗНЕСТІ ДАМЫТУ ҮШІН ШАҒЫН НЕСИЕЛЕР БЕРІЛЕДІ

АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНА БИЗНЕСТІ ДАМЫТУ ҮШІН ШАҒЫН НЕСИЕЛЕР БЕРІЛЕДІ

ҚР премьер-министрі Әлихан Смайыловтың айтуынша, елімізде ауыл халқының табысын арттыру жобасы іске қосылады, деп хабарлайды World of NAN.

Жоба сыйақы мөлшерлемесі 2,5% — дан аспайтын, ең жоғары мерзімі 7 жылға дейінгі сенім білдірілген өкіл (агент) арқылы микрокредиттер беруді көздейді.

«2023 жылға 11 мың микрокредит беру жоспарымен 52,4 млрд теңге көлемінде қаражат көзделген. Аталған іс – шараға бұдан әрі жеке қосалқы шаруашылықтардың көпшілігін кооперативтік кәсіпкерлікке тарта отырып, оларды лизингке, шағын несиелерге және ірі қалалардағы өткізу нарықтарына қол жеткізу үшін жеңілдікті жағдайлармен қамтамасыз ете отырып, 1 трлн теңгеге дейін бөлу жоспарлануда», — деп атап өтті премьер.

Бұл жоспар ауыл шаруашылығында 350 мыңға жуық сапалы жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер