ҚАЗАҚСТАННЫҢ АУЫЛ ӘЙЕЛДЕРІ АСТАНАДА ӨТЕТІН ФОРУМҒА ЖИНАЛАДЫ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ АУЫЛ ӘЙЕЛДЕРІ АСТАНАДА ӨТЕТІН ФОРУМҒА ЖИНАЛАДЫ

Ертең, 11 қарашада Астанада «Ауылдағы әйелдер кәсіпкерлігі – экономикалық тұрақтылық пен орнықты даму жолы» атты Қазақстанның V республикалық ауылдық әйелдер форумын ашу жоспарлануда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Іс-шараға 250 әйел қатысады деп күтілуде.

Форум аясында «Гендерлік теңдік контекстіндегі ауылдағы әйелдер кәсіпкерлігі» пленарлық отырысы, «Орталық Азия әйелдері: табысқа және гендерлік теңдікке, мәдени құндылықтар мен дәстүрлерді сақтай отырып (Әзірбайжан,Қырғызстан, Тәжікстан)» панельдік сессиясы өтеді. Күннің екінші жартысында форум жұмысын келесі тақырыптар бойынша үш сараптамалық алаң жалғастырады: «Қазақстандағы ауыл кәсіпкерлігі: проблемалар, перспективалар және әйелдердің рөлі», «Ауыл үшін жасыл шешімдер», «Ауылдағы өмір сүру жағдайлары: бірлескен күш-жігермен қалай жақсартамыз».

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер