ТҮРКІСТАНДА СУ ҚОЙМАСЫН САЛУҒА ШАРУАЛАР НЕГЕ ҚАРСЫ?

ТҮРКІСТАНДА СУ ҚОЙМАСЫН САЛУҒА ШАРУАЛАР НЕГЕ ҚАРСЫ?

Ал, Түркістан облысындағы Ордабасы ауданында сыйымдылығы 60 миллион текше метрге жететін су қоймасы салынады, деп хабарлайды Хабар 24.

Қазір Қызыл-Сеңгір мен Боралдай ауылының аралығында жобаны жүзеге асыру үшін зерделеу жұмыстары жүріп жатыр. Нысан құрылысы аяқталса аудан аумағындағы егіс алқаптары игеріліп, көрші аймақтарды да сумен қамтуға мүмкіндік туады. Алайда бұлигілікті іске жергілікті тұрғындар қарсы. Олар ірі құрылыстың пайдасынан зияныкөп деп есептейді. Аймақтағы әріптесім Нұрсұлтан Мұхамеджан тақырыпты зерделепкөрді.

Биыл жазда ағын судан тарлық көрген Отырарлық диқандар, егістігін көктей солдырып алды. Қаражерге себілген дәнге нәр жетпегесін мыңдаған гектар егіс алқабы қурап кетті.Әсіресе Талапты, Қарғалы ауылының шаруалары қып-қызыл шығынға батты.

Бекжан Ибашев, диқан:

— 12 млн шығын кетті осы жерге. Өзімнің қаржым бар. 8 млн кредит алғам. Қаншаматехникаларға жұмыс істеткенбіз қарызға өнімнен береміз деп. Оның барлығын қайтып құтыламын мен енді. Қауынымыз мынау болды енді қурап жатыр.

Аграрлы аймақ саналатын Түркістан облысын толық ағын сумен қамтамасыз ету үшін суқоймасын салу жобасы ұсынылды. Ол үшін Боралдай өзеніне тоғанқойып, Арыс суымен толтырмақ. Нәтижесінде Ордабасы, Отырар аудандары менТүркістан, Кентау қалалары да ағын су азабынан құтылады. Осылай деген жауаптылар аумақты зерделеу жұмыстары аяқталуға жақын қалғанын мәлімдеді.

Нұрболат Бердімұратов, аудандық Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлім басшысының орынбасары:

— «Проэкт А» ЖШС топографиялық түсірілім жұмыстарын жүргізіп жатыр. Осыжылдың соңына дейін қорытындысы шығады деген жоспар бар. Жалпы Ордабасыауданында 34 мың 18 гектар суармалы жер бар. Жазғы шілде, маусым айларында суқорының аздығына байланысты 27 мың гектарға дейінгі жерлерде су тапшылығы орыналып отыр.

Бірақ бұл құрылысқа Қызыл-Сеңгір мен Боралдай ауылының халқы үзілді-кесілді қарсы. Ауыл тұрғындары су қоймасы салынады дегенді естіп, аумақты күн де торуылдап жүр. Өйткені мұнда жер астындағы су деңгейі жоғары. Ал жоба жүзеге асса тасқын судың астында қаламыз ба деп алаңдайды.

Даниярбек Қалмырзаев, Қызыл-сеңгір ауылының тұрғыны:

— Боралдайөзені табиғатқа өте сезімтал. Екі күн жаңбыр жауса таудан өтеқатты су келеді. Ал қысты күні қар еріген кезде секундына 500 текше метргедейін су келеді. Мұндай суды ұстап тұру халқы тығыз орналасқан жерге өтеқауіпті.

Одан бөлектіршілігі ауыл шаруашылығына байланған халық жайылым жерден айрылып қаламыз бадеп қорқады. Өйткені жаңа нысанның — ені 2 шақырым, ұзындығы 5 шақырымжерге жоспарланған.

Әмір Сапарбекұлы, Боралдай ауылының тұрғыны:

— Бұлар келіп, әр жерді тесіп анализдерінің бәрін алып жатыр ғой. Көктемдеалған биыл тағы алды. Біздің мына екі ортада 7 км жерде шабындық жер бар, ормандық жер бар соның бәрі кетейін деп тұр. Біздің ауылда жұмыс жоқ. Осы жерде малымыз жайылады. Сонда біз шөпті қайдан аламыз, малымыз қайда жайылады!? Сонда біз көшеміз ба не!?

Ауыл халқы одан да Боралдай өзенінің арнасын бетондап, сукөзін үнемдеп жұмсау керек,- дейді. Әйтпесе өзен суының 35 %-тен астамы жергесіңіп, шығынға ұшырап жатқанын айтады. Ал су қоймасын салуға еш уақытта келісімбермейміз деп бекініп отыр.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер