АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ КҮНБАҒЫС МАЙЫН КӨБІРЕК ПАЙДАЛАНАДЫ

АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ КҮНБАҒЫС МАЙЫН КӨБІРЕК ПАЙДАЛАНАДЫ

Ұлттық статистика бюросы Қазақстанда күнбағыс майын тұтыну туралы ақпарат берілді.

Бұл өнім қалаларға қарағанда ауылда сұранысқа ие екені белгілі болды.

«Орта есеппен екінші тоқсанда жан басына шаққанда үй шаруашылықтарында 3,5 л күнбағыс майы тұтынылды. Ауыл тұрғындарының үй шаруашылығында тоқсанына 3,7 литр май жұмсалады. Ал қалалық жерлерде тұтыну 3,3 литрді құрады», — делінген бюро хабарламасында.

Қыркүйек айында бір литр күнбағыс майы бөлшек саудада орта есеппен 891 теңгеден сатылды.

Ең қымбат май — Қонаевта (1 001 теңге), ал ең арзан май Өскеменде (743 теңге) сатылады.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер