ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНДА ХАЛЫҚ МАЛ ЖАЯТЫН ЖАЙЫЛЫМ ТАППАЙ ОТЫР

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНДА ХАЛЫҚ МАЛ ЖАЯТЫН ЖАЙЫЛЫМ ТАППАЙ ОТЫР

«Қыста қорада, жазда қайда барады?» Төрт түлікке жайылымдық жер таппаған Қарағанды облысы Абай ауданына қарасты Ақбастау ауылының тұрғындары осылай деп отыр. Ауыл маңындағы жерлерді сырттан келгеншаруа қожалықтар алып алған. Тіпті шағын кәсіпкерлердің өзі байқауға қатысса дабір телім жердің өзін ұта алмаған. Шаруалар елдімекеннің жері өзгелерге әділетсіз беріліп жатыр дейді, деп хабарлайды astanatv.kz.

Ауылтұрғыны Бекзат Орынбасаровтың 40 бас ірі қара, 30 бас қойы бар. Кәсібін ұлғайтқысы келеді. Бірақ мал жаятын жері жоқ. Өткен жылдың соңында бір телім жер ұтып алсам деген үмітпен байқауға қатысты, бірақ бұйырмады.

Бекзат Орынбасаров, кәсіпкер:

«Жерді бір адамға бергілері келді мінеки Кенжебеков Болат дегенге солай шешіп отыр ғой. Кенжебеков Болат үш жерді бірдей қалай ұтып әкетіп отыр мысалы. Өзі мал ұстамайды управляющий секілді болып тіркеліп тұр. Біреулердің малдарын өтірік әкеп үкімет тексереді ғой мысалы жерді сұрасаң пәленбай малың болу керек деп сол кезде ұсталынған ол оны акимат бәрі біліпотыр».

Ақбастауда жайылымы жоқ шағын кәсіпкер көп. Айтуларынша, байқауда көрсететін инвестиция көлемі жетпей қалады. Ауылдың нақты тұрғынының жоспары емес, сырттан келген фермерлердің құжаттағы цифрлары сөйлейді,- дейді.

Фархат Байқатов, кәсіпкер:

«Біз алдымызда тұрған 5 сиырды 10 сиырға жеткіземіз деп айтамыз. Болмаса20 сиырды үкіметтен берілген 2 жарым процентке кредит алып бір 20 сиыр қосамыз дейміз, одан басқа шарықтайтын шамамыз жоқ. Осыны үкімет басындағылар қарапайым халықты конкурсқа бөлек түсірсе екен».

Жайылым кәсіпкерлер тұрмақ ауылдың қарапайым тұрғынына жетпейді. Ақбастауда жердің көбі «Сарыарқа» мал шаруашылығы кәсіпорнына берілген. Егін егіп, бордақылау цехын ашам деген олар жылдар бойы жерді иемденгені болмаса пайдаланбаған.

Аспандияр Сейсенов, шаруақожалығының жетекшісі:

«Қарашөкеевтің сөзін білесіз ғой министрдің парламентте есеп бергенде 5мың 200 гектар жерді қайтардық дейді, ол қайтарған жерлері шөлейт жерлер. АнауАқтоғайдың Сарышағаны, анау Жорғаға дейінгі жерлер. Қарқаралының айрық дейді аржағы полигон, Крчатов дейді әлгі. Бір кезде кадастровый нөмірі кірген шығар.Ондай жерлерге кім барады?»

Ауылдықтар сусыз жергемалды қалай жаямыз деп жүр. Ал ауыл әкіміАқбастауда жайылым жер жеткілікті екенін жеткізді. Тіпті елді мекен мал басынашаққанда 130 пайыз жермен қамтылған деп отыр.

Жер ресурстарын басқару департаментіне байқауға қатысушы шағын кәсіпкерлерге сотқа шағымдануға кеңес берді. Мұнымен қоса олар жемқорлыққа қарсы күрес мекемесіне де арыздана алады. Содан кейін ғана әртелімнің кімге қандай негізде берілгенін тексеруге болады екен.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер