Сауалнамаға қатысқандардың 72%-ы өңірде арзандатылған дизель отыны жоқ деді

Сауалнамаға қатысқандардың 72%-ы өңірде арзандатылған дизель отыны жоқ деді

Ұлттық агроқозғалыс төрағасы Алмасбек Садырбай Facebook-тегі парақшасында «Көктемгі егіс науқанына шаруаларға арналған АРЗАНДАТЫЛҒАН ДИЗЕЛЬ ОТЫНЫ өңірлеріңізде бар ма?» тақырыбына сауалнама өткізді.

Қатысқандардың 72%-ы сұраққа «Жоқ» деген жауап берді, 12%-ы – «Иә», ал 16%-ы «Естімеппін» деп жауап қайтарды.

Еске салсақ, 2023 жылы көктемгі егіс жұмыстарына 413 мың тонна дизель отыны бөлінеді деп энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлімдеген еді.

Біздің Телеграм-каналымызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыздар.