ҚАНТ МӘСЕЛЕСІ: МЕМЛЕКЕТ СӨЗДЕН ІСКЕ ҚАШАН КӨШЕДІ?

ҚАНТ МӘСЕЛЕСІ: МЕМЛЕКЕТ СӨЗДЕН ІСКЕ ҚАШАН КӨШЕДІ?

Жалпы, шаруашылықтардың қант қызылшасын өсіруге жұмсаған шығындары жыл сайын өсіп отыратыны және биылғы жылы 1 гектарға жұмсалған шығындар 900 мыңнан 1 млн теңгеге дейін жетіп отыр.

Осыған байланысты мемлекет қант қызылшасын өсіруге субсидияларды көбейтпекші.

Келесі жылдан бастап қайта өңдеуге тапсырылған қант қызылшасының тоннасының құнын субсидиялау нормасын 15-тен 25 мың теңгеге дейін ұлғаюының арқасында 40 мың теңгені құрайтын болады, деп хабарлайды АШМ.

Сондай-ақ министрлік мемлекет қызылша өсірушілерге қолдау көрсетуді жалғастыратынын, қант саласын дамыту жөніндегі жоспар әзірленгенін атап өтті.

Айта кетейік, елімізде қант жағдайының ушығып тұрғанына біраз болды, ал мемлекет жоспар құруды жаңа бастап отыр.

Осыған не дейсіздер?

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер