ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БАҒБАНДАРЫ МЕМЛЕКЕТТЕН ҚОЛДАУ СҰРАП ОТЫР

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БАҒБАНДАРЫ МЕМЛЕКЕТТЕН ҚОЛДАУ СҰРАП ОТЫР

Биылғы жылы алманың өнімі жақсы, алайда оны өткізу мәселе болып тұр, — дейді Түркістан облысы Төлеби ауданының бағбандары, хабарлайды Otyrar.kz.

Ауданда жыл сайын бау-бақшамен, атап айтқанда алмаағаштарын отырғызумен айналысатын азаматтар саны артып келеді.

«Биыл алма жақсы. Қымбатшылықты ескеріп біркелісін 100 теңгеден сатып жатырмыз. Өйткені, ауылда аз қамтылған, көп балалы отбасылар көп. Олар 200-300 теңгеден ала алмайды. Күнделікті келіп өздері баудан 200-300 келі алма жинап алып кетеді. Қыстық жағдайын осылай жасайды», — Серғали Жансейітов, кәсіпкер.

Мол өнім алу үшін қажымай еңбек ету керек екені анық. Зиянкестермен күресу және тыңайтқыш сатып алу үшін мемлекеттік қолдау қажет, дейді бағбан.

Естеріңізге сала кетейік, 2021-2025 жылдарға арналған Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба жақында Үкімет отырысында жан-жақты талқыланып, жергілікті әкімдіктерге нақты тапсырма да берілген еді.

«Әкімдіктер кәсіп етемін деген азаматтарға қолдау көрсетуі қажет. Олардың шаруашылықтарына инфрақұрылым тартып су электр, ағын су жеткізіп беруі тиіс», — деп тапсырды Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрі.

Өнімнің көп болғаны бағаның өзіндік құнына әсер етеді, арзан болады. Алайда биылғы жиын терімдегі алманы қоймаларда сақтамаса, көктемде бағалар шарықтап, делдалдар пайдасын көреді, дейді бағбандар.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер