СҚО-да кезекті сүт фермасы іске қосылды

СҚО-да кезекті сүт фермасы іске қосылды

Ол Айыртау ауданы Антоновка ауылында ашылды, деп хабарлайды world of nan.

"Шамамен 1 миллиард теңге инвестицияланды. "Солтүстік" ӘКК жеңілдетілген несие берді. Ферма тәулігіне 5 мың литр сүт өндіреді. Жаңа жұмыс орындары ашылды", - деп жазды облыс әкімі Айдарбек Сапаров әлеуметтік желілерде.

Өңірде биыл тағы 13 сүт фермасының құрылысы басталады. Жыл соңына дейін 8 кешен іске қосылады. Облыс бойынша аграрлық салада биыл 38 инвестициялық жоба іске асырылатын болады, мысалы, май экстракциялау зауытын іске қосу, сүт фермаларын, бройлер құс фабрикасын, қой фермасын және жылыжай кешендерін салу. Мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылмақ.

Біздің Телеграм-каналымызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыздар.