РЕСЕЙ ҚАЗАҚСТАНҒА ЖАЙЫЛЫМДЫ ҚАЙТАРАДЫ

РЕСЕЙ ҚАЗАҚСТАНҒА ЖАЙЫЛЫМДЫ ҚАЙТАРАДЫ

Қызылорда облысында қазіргі уақытта шамамен 352,4 мың бас мал бар. Олар үшін 4 млн га жайылым қажет, алайда өңірде тек 2,6 млн га ғана бар, деп хабарлайды LS.

Облыстың 28 округінде елді мекендерге жақын учаскелердің болмауына байланысты тұрғындарға мал жаюға орын беру мүмкін емес. Мемлекеттік органда 1027 шаруашылық олардың жалпы ауданы 746,4 мың га жайылымдарын бірлесіп пайдалануға келіскенін атап өтті.

«Ресей тарапынан Ресей Федерациясының жалға берілген аумағынан екі елді мекенге (Ақай, Төретам) қажетті 60 мың гектарды қайтаруға алдын ала келісім алынды. Жақын арада материалдар үкіметаралық комиссияның қарауына ұсынылатын болады», — деп толықтырды әкімдікте.

Сондай-ақ, экология министрлігіне өңір үшін орман қоры құрамынан 600 мың га жер бөлу ұсынылды. Бұл учаскелер 26 елді мекенге мал жаю үшін қажет. Сонымен қатар, мақсатына сай пайдаланылмаған 9 мың гектар жерді жайылымға бөлу жоспарлануда.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер