САУАЛНАМА НӘТИЖЕЛЕРІ: АШМ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ БОЙЫНША АНТИРЕЙТИНГТЕ

САУАЛНАМА НӘТИЖЕЛЕРІ: АШМ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ БОЙЫНША АНТИРЕЙТИНГТЕ

«Даму» қазақстандық қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі 2020-2021 жылдары сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына мониторинг жүргізді

Әлеуметтанушылардың қатысуымен «кабинеттік зерттеулер» жүргізілді. Талдау мемлекеттік органдардың ресми деректері негізінде, оның ішінде Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің материалдары, ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті ұсынатын сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы статистикалық деректер мен есептер, республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының жарияланымдары зерделенді.

Зерттеу нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық фактілері ең жиі кездесетін ведомстволар тізіміне Қаржы министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі, ішкі істер органдары кірді.

Осыған қоса, осы көрсеткіш бойынша Шымкент, Астана және Алматы қалалары, сондай-ақ Алматы және Батыс Қазақстан облыстары көш бастап тұр.<o:p></o:p>

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер