ТҮРКІСТАН ШАРУАЛАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ШЕШІМІН ТАПТЫ МА? АЛМАСБЕК САДЫРБАЙ ӨҢІРГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

ТҮРКІСТАН ШАРУАЛАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ШЕШІМІН ТАПТЫ МА? АЛМАСБЕК САДЫРБАЙ ӨҢІРГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

«Шопан ата» ұлттық агрокозғалысының төрағасы Алмасбек Садырбай Түркістан облысы шаруаларының бір ай бұрын облыс әкімімен кездесу барысында көтерілген мәселелердің қалай шешіліп жатқандығын білу мақсатында өңірге келді.

12 қазан, сағат 11:00-де облыстық әкімшілігі ғимаратында агросарапшы өңір шаруаларының басын қосып, облыс басшылығымен мәселелердің статусын талқылайды.

Басты назарда мақта бағасы мәселесі, жер мәселесі субсидиялар және басқа да агро сала мәселелері.

Еске салсақ, қыркүйек айында Алмасбек Садырбай өңірлік шаруалардың мәселелерін талқылау мақсатында облыс әкімі Дархан Сатыбалдымен кездескен болатын. Кездесуге 400-ге жуық шаруа келіп, осығандейін әбден күрделеніп кеткен бірқатар проблемаларды көтерген.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер