СҚО 7 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ҚҰС ФАБРИКАСЫ АШЫЛДЫ

СҚО 7 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ҚҰС ФАБРИКАСЫ АШЫЛДЫ

Солтүстік Қазақстан облысының Аққайың ауданында заманауи құс фабрикасы іске қосылды.

Құс фабрикасы жылына 5 мың тонна құс мяса өндіретін болады. Заманауи еуропалық жабдықтар орнатылып, 7,2 млрд теңге инвестиция салынды. Мемлекет есебінен инфрақұрылым тартылды. Жаңа құс фабрикасы жылына 100 мыңнан астам адамды етпен қамтамасыз ететін болады.

Жыл басында облыста бір бройлер құс фабрикасы болды. Өңірде үш құс фабрикасының іске қосылуымен 16 мың тонна құс еті өндірілетін болады. Ал облыстың қажеттілігі-8,5 мың тонна.

Естеріңізге сала кетейік, қазан айында Қызылжар ауданында құс фабрикасыашылды. Облыс орталығында тағы бір құс фабрикасы 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында іске қосылады.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер