Қазақстанда ет консервілерінің өндірісі 2022 жылы 5,5%-ға өсті. Елімізде осы өнімнің 6,2 мың тоннасы өндірілді — өткен жылмен салыстырғанда 327 тоннаға артық. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.
Бұл ретте ет-өсімдік консервілерінің өндірісі әлдеқайда жоғары қарқынмен (32,5% — ға) өсті. Өткен жылы 1 182 тонна, ал 2021 жылы 874 тонна шығарылды.
Сондай-ақ, өткен жылы қызанақ консервілерінің өндірісі де өсім көрсетті. Қаңтар-желтоқсанда өсім 9,6%-ды құрады: 2021 жылы 9,9 мың тонна қызанақ консервілері шығарылды, ал 2022 жылы — 10,8 мың тонна.
Бірақ көкөніс консервілерінің өндірісі 20,4%-ға төмендеді. 2022 жылдың 12 айында ҚР өндірушілері осы өнімнің 7,4 мың тоннасын шығарды.
Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер