Қазақстанда өткен жылдың 11 айының қорытындысы бойынша қымыз өндірісі 9,2% — ға қысқарды. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлайды.
2022 жылдың қаңтар-қараша айларында барлығы 1520 тонна қымыз өндірілді, ал 2021 жылдың тиісті кезеңінде осы сүт өнімінен 154 тоннаға артық өнім өндірілді.
Бұл ретте шұбат өндірісі 7,8% — ға ұлғайды. Өткен жылдың 11 айында сүт өнімдерін өндірушілер 2644 тонна шұбат шығарды — бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 191 тоннаға артық.
Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер