ПРЕЗИДЕНТ АГЛОМЕРАЦИЯЛАРДЫ ДАМЫТУ ТУРАЛЫ ЗАҢҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

ПРЕЗИДЕНТ АГЛОМЕРАЦИЯЛАРДЫ ДАМЫТУ ТУРАЛЫ ЗАҢҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

Мемлекет басшысы «агломерацияларды дамыту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұдан басқа, ҚР Президенті "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агломерацияларды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланады.

Бұған дейін ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Сенаттың пленарлық отырысында түсіндіргендей, агломерация мәртебесіне бірқатар қазақстандық қалалар ие болады. Оның айтуынша, аумақтардың үйлестірілмеген дамуының негізгі себептерінің бірі агломерациялардың дамуын реттейтін нормативтік құқықтық базаның болмауы болып табылады. Осыған байланысты орталық қала мен оның қала маңындағы аймақ арасындағы функцияларды заңнамалық тұрғыдан бөлу қажеттілігі туындайды. Айта кету керек, әлемде Ұлыбритания, Франция және Қытай сияқты унитарлық мемлекеттерде де, АҚШ, Канада, Германия, Испания және Италия сияқты Федеративті мемлекеттерде де қалалық агломерациялардың дамуын реттейтін арнайы заңдар бар.

Негізгі заңға «агломерация» терминінің анықтамасы және агломерацияны анықтайтын тиісті критерийлер кіреді. Агломерация құрамын уәкілетті орган-Ұлттық экономика министрлігі қалыптастыратын болады. Ол ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітіледі.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер