ҮКІМЕТ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТЕН ВЕТСТАНЦИЯЛАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРМАЙДЫ

ҮКІМЕТ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТЕН ВЕТСТАНЦИЯЛАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРМАЙДЫ

Өңірлердегі ветеринариялық ұйымдарды қаржыландыру жергілікті бюджеттершеңберінде сақталады, өйткені жергілікті әкімдіктер саланың қажеттіліктеріненжақсы хабардар. Премьер-министр Әлихан Смайылов Сенат депутаттарыныңветеринарияны қаржыландыру тетігін қайта қарау туралы ұсынысын қолдамады.

Бұған дейін сенатор Бекболат Орынбеков депутаттық сұрау салудаҚазақстанда әлі күнге дейін ветеринарлық мамандардың мәртебесі анықталмағанын, бір ветеринарлық қызметкерге жүктеме бекітілмегенін, материалдық-техникалықбаза ескіргенін атап өткен болатын. Бұл ретте ол ветеринарияны қаржыландырудағыпроблемаларды ерекше атап өтті.

Сауалға жауап ретінде Әлихан Смайылов облыс әкімдіктері мемлекеттікветеринариялық ұйымдарды қамтамасыз ету нормаларына сәйкес жергілікті бюджетқаражаты есебінен материалдық-техникалық базаны жаңарту бойынша өз деңгейіндеіс-шаралар жүргізіп жатқанын хабарлады.

«2022 жылы материалдық-техникалық базаны жаңғыртуға Алматыоблысында 2,5 млрд теңге, Жетісу облысында 2 млрд теңге, Қарағанды облысында182,2 млн теңге, Қызылорда облысында 73 млн теңге және Солтүстік Қазақстаноблысында 64,2 млн теңге бөлінді. Сонымен қатар, Жамбыл облысында жергіліктібюджеттің ағымдағы жылдық Жоспары 249,8 млрд теңге, оның ішінде ветеринариякіретін „ауыл шаруашылығы“ кіші бағдарламасы бойынша 13 млрд теңгебар. Жергілікті атқарушы органдар шығыстардың бағыттарын дербес айқындайтынынескере отырып, мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды республикалық бюджеттен материалдық-техникалықжарақтандыруға қаржыландыруды қарастыру тиімсіз деп санаймыз», — дедіҮкімет басшысы.

Ол сондай-ақ ауыл шаруашылығы министрлігі мақұлдаған ветеринариялықжүйені реформалау жөніндегі іс-шаралар жоспарына 55 тармақ кіретінін атап өтті.Атап айтқанда, 2023 жылдан бастап ветеринариялық қызметкерлердің жалақысыкезең-кезеңімен көтерілетін болады.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер