ӨРТ, АЛ ЕНДІ СІБІР ЖАРАСЫ. ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ҚИЫН ЖАҒДАЙ

ӨРТ, АЛ ЕНДІ СІБІР ЖАРАСЫ. ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ҚИЫН ЖАҒДАЙ

Қостанай облысы қиын кезеңді бастан кешуде. Өрттер, енді ірі қара малда сібір жарасы табылды.

Осыған байланысты Запасное ауылында карантин режимі енгізілді.Жергілікті санитарлық мамандар өңірде сібір жарасы бойынша 156 стационарлық қолайсыз пункттер бар екенін хабарлайды. Бұл-аумағында ауру малдың сібір жарасы көмінділері бар елді мекендер. Облыста барлығы осындай 308 жерлеу орны бар.

Сібіржарасы-адам мен жануарлардың аса қауіпті жұқпалы ауруы, интоксикациямен, терінің, лимфа түйіндерінің және ішкі ағзалардың серозды-геморрагиялық қабынуының дамуымен сипатталады. Инфекцияның қоздырғыш көзі (Bacillusanthracis) – ауру жануар. Өлген жануарларды инсинераторлық пештерде жағу әдісімен жою қажет.

Пікірлеріңізбен MalBazar телеграм-арнасында бөлісуді ұмытпаңыздар