Ұзақ құрғақшылықтың салдарынан Аргентинада мал қырылып жатыр. Санта-Фе провинциясында жаңбыр 4 ай бұрын басталуы керек еді. Бірақ осы уақыт ішінде жергілікті шаруа қожалықтарының бірі үш мың сиырдан айырылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Еuronews.com порталына сілтеме жасай отырып.
«Міне, 200 өлі сиыр. Біз өлген жануарлардың ондаған үйіндісін жинадық», — деді ранчо иесі Густаво.
Сала сарапшыларының бағалауы бойынша, егер құрғақшылық жалғаса берсе, Аргентинадағы сиырлардың жалпы санының жартысы өлуі мүмкін.
«Егер наурыз бен сәуір аралығында жаңбыр жаумаса, онда біз азық-түлік проблемасына тап боламыз», — деді басқа фермердің иесі Пабло.
Құрғақшылықтың тағы бір салдары — табиғи өрттер. Ауылшаруашылық саласының шығыны шамамен 10 миллиард долларды құрайды деп күтілуде, бұл Аргентинаның ЖІӨ-нің төмендеуіне әкелмек.
Басылым мәліметінше, Аргентинадағы құрғақшылық үш жылдан бері жалғасып кележатыр, қаңтарда ол ел аумағының жартысына әртүрлі дәрежеде әсер еткен.
Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер