ЕЛІМІЗДЕ ТЫҢАЙТҚЫШТАРҒА ҚАЖЕТТІЛІКТІ ТОЛЫҒЫМЕН 2028 ЖЫЛҒА ҚАРАЙ ҒАНА ӨТЕУГЕ БОЛАДЫ

ЕЛІМІЗДЕ ТЫҢАЙТҚЫШТАРҒА ҚАЖЕТТІЛІКТІ ТОЛЫҒЫМЕН 2028 ЖЫЛҒА ҚАРАЙ ҒАНА ӨТЕУГЕ БОЛАДЫ

Қазақстанда тыңайтқыштарға қажеттілік 100 мың тоннаға өсті.

Тапшылықты жергілікті өндіріс есебінен жабу тек 2028 жылға қарай мүмкін болады.

Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтың төрағалығымен фермерлерді минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз ету мәселесі бойынша кеңес өтті. Кеңеске энергетика, ауыл шаруашылығы министрліктерінің, сондай-ақ отандық кәсіпорындардың өкілдері қатысты.

Бүгінгі таңда нарықта бейорганикалық тыңайтқыштардың 9-ға жуық түрі қолданылады. Олардың ішінде ең көп сұранысқа ие тыңайтқыштардың 5 түрі-нитрат (азот), МАФ/ДАФ немесе аммофос (екі компонентті), аммоний сульфаты (азот), карбамид(азот), NPK немесе күрделі (үш компонентті).

Ауыл шаруашылығы министрлігінің деректері бойынша 2023 жылға арналған жоспарлы қажеттілік 703 мың тоннаны құрайды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 100 мың тоннаға артық (2021 жылы — 604 мың).

Қазіргі уақытта нарықтың жартысына жуығы импортталған тыңайтқыштарға тәуелді. Бұл мәселені шешу үшін бірнеше ірі инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарлануда.

Мысалы, "ҚазАзот" АҚ 2026 жылға қарай аммиак-карбамид кешенін салуды жоспарлап отыр. Зауыттың қуаттылығы– 500 мың тонна аммиак, 500 мың тонна селитра, 500 мың карбамид. Осылайша, 2028 жылға қарай толық қуатқа шыққан кезде селитраны өндіру көлемі жылына 900 мың тоннаға дейін артады.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер