Қазақстандағы жылқылардың саны 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 3650,7 мың басты құрады және бір жыл ішінде 12,1% — ға өсті. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.
Статистикаға сәйкес, жыл басынан бері ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түрлері бойынша мал басының өсуі байқалады. Ірі қара малдың саны 8 млн 530,9 мыңбастықұрап, 2021 жылғы 1 желтоқсанмен салыстырғанда 5,2%— ға артты.
Түйесаны 8,6%— ға өсіп, 260,5 мыңбасты құрады. Қой саны 4,4%— ға артып, 19,6 млнбастықұрады, құстар — 1,1%— ға 50,8 млнбасқа дейін.
Сондай-ақ,Ұлттық бюро жалпы ІҚМ басының жартысына жуығы (49,8%)халықтың шаруашылықтарында екенін хабарлайды. Тағы 40,7%шаруанемесе фермер қожалықтарында және жеке кәсіпкерлерде; 9,5%— ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында ұсталады.
Осы жылдың қаңтар-қараша айларында шаруашылықтардағы сою немесе тірі салмақтағы малмен құстың барлық түрлерін союға өткізу көлемі 1 млн 843,5 мыңтоннаны құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,7%— ға артық. Сиыр сүті өндірісі 2,1%— ға өсіп, 5 млн 939,1 мыңтоннаны құрады. Тауық жұмыртқасының өндірісі 4,9%— ға артып, 4 млрд 623,3 млндана нықұрады.
Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер