Республиканың оңтүстігінің және оңтүстік-шығысының күздікдәнді дақылдар себілетін аудандарында желтоқсанның екінші онкүндігінде температуралық фон нормадан төмен болған, жауын-шашын байқалмаған, деп хабарлайды Қазгидромет.
Түнгі ауа температурасының минус 10...18ºС дейін, кей жерлерде 19...23ºС (Алматы облысы) төмендеуі, елдің оңтүстігі мен оңтүстік–шығысында жеке учаскелерде қар жамылғысы болмағанда күздік дәнді дақылдардың қатып қалуына әкелуі мүмкін.
Алматы және Жамбыл облыстарында 1-6 күн бойы, Түркістан облысында 7 күн бойы байқалған қарқынды жылымық күздік бидайдың қысқа төзімділігінің төмендеуіне әкелуі мүмкін.
Күздік бидайдың қату түйінінің тереңдігіндегі топырақтың минималды температурасы Алматы облысында минус 4ºС құраған, Түркістан облысында 0ºС минус 2ºС дейін ауытқыған.
Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazarтелеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер