Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті 2-3 үлестес делдал арқылы өндірушіден тікелей сауда субъектілеріне макарон өнімдерін өткізуде шектен тыс делдалдық фактілерін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл, ҚМА-да атап өтілгендей, өнімнің түпкілікті өзіндік құнының өсуіне әсер етті. Ведомствоның бастамасы бойыншауәкілетті орган өндірушіге оның іс-әрекетінде бәсекелестікті қорғау саласындағызаңнаманы бұзу белгілерінің болуы туралы хабарлама жіберді.
«Дүкендер мен супермаркеттержелісінде бұл өндірушінің макарон өнімдерінің бағасы 490 теңгеден 355 теңгеге дейінтөмендеді. Төмендеу 40 пайызға жуықтады. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда»,- дейді ҚР АФМ баспасөз қызметінде.
Бүгінгі күні өндіруші хабарламанытолығымен орындады. Бірлескен алдын алу жұмыстарының арқасында негізсіз делдалдардыжойып, өнімді тікелей облыс кәсіпкерлеріне жеткізу нәтижесіне қол жеткізілді.
Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер