«МЕН НЕГЕ БІЛУІМ КЕРЕК?» ҚАРАШӨКЕЕВ КАДРЛАРДЫ ҚЫСҚАРТУ ТУРАЛЫ НЕ ДЕДІ

«МЕН НЕГЕ БІЛУІМ КЕРЕК?» ҚАРАШӨКЕЕВ КАДРЛАРДЫ ҚЫСҚАРТУ ТУРАЛЫ НЕ ДЕДІ

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев бүгін ОКҚ брифингіне қатысты.

Президенттің кадрларды оңтайландыру және қысқарту туралы тапсырмасын орындау туралы брифинг барысында журналистің қойылған сұрағына министр бүгінгі таңда барлық құрылымдарда Президент Жолдауынан кейін қызметкерлердің 15%-ы қысқартылғанын айтты.

Алайда министр нақты санды «қанша болды және қанша қалды» екенін атай алмады.

«Мен мұны не үшін білуім керек? Мен 15 пайызға қысқарғанын нақты білемін. 15%-ға, содан кейін 10%-ға қысқарту туралы тапсырма берілді. Бірақ бізге екінші қысқартуды жасамауға рұқсат берді»,- деді ол.

Министр орынбасарларының саны туралы сұрақ та қойылған болатын. Қарашөкеевтің пікірінше, 5 орынбасар бұл нормаға сай.

«5 орынбасар — бұл көп емес. Әр орынбасардың өз бағыттары, комитеттері, департаменттері бар. Бізде жер қатынастары саласы да бар. Сұрақтар көп. Біз кадрлардың саны бойынша сәйкескелеміз. Сондықтан министрліктің алдына қойылған зор жауапкершілікті ескере отырып, 5 орынбасар нормаға сай деп санаймын», — деп жауап берді Қарашөкеев.

Сіздер осы ретте не ойлайсыздар? Министрлік штатының саны сапасына сай келе ме?

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер