НЕГЕ ЖЕТІСУДА ДИҚАНДАР ҚАНТ ҚЫЗЫЛШАСЫН ЕГУДЕН БАС ТАРТТЫ

НЕГЕ ЖЕТІСУДА ДИҚАНДАР ҚАНТ ҚЫЗЫЛШАСЫН ЕГУДЕН БАС ТАРТТЫ

Жетісу облысында диқандар жаппай қант қызылшасын егуден бас тартып отыр. Небәрі үш-төрт жылда Ақсу ауданындағы шаруалардың шамамен 80 пайызы тәтті түбір өсірудің орнына, басқа дақылдарды егуге көшкен.

Өйткені судың жетіспеушілігінен бастап, жанармай бағасы да әлі күнге дейін шешімін таппай келеді, деп хабарлады КТК.

Бір ай бұрын ғана бұл өңірге жұмыс сапарымен барған президент қант тапшылығын болдырмау үшін екі зауыттың жұмысын жандандыруға пәрмен берген. Алайда бұл өндіріс орнының басшылығы жергілікті шаруалар өсірген қызылшаға лайықты құнын бермейді немесе мүлдем қабылдамайды деп қапалы.

«Былтыр зауыт бір келі қант қызылшасына 15 теңге деп айтты. Мемлекет те өнімді өсіруге 15 теңге бөледі. Енді биыл 2023 жылы қынт қызылшасына бөлінетін баға жария болды. Келесі жылы мемлекет 25 теңге субсидия берсе, зауыт 15 теңге қылып қалдырды. Көктемдегі егіс науқаны кезінде шекер 230-275 теңге болған. Бірақ қазір зауыттан шыққан тәттінің құны450 теңге. Сонда зауыт шаруаларды ойламай ма?», — дейді Александр Квитко, шаруа қожалығының басшысы.

Су жетіспеушілігінен бастап, инфляцияға байланысты тыңайтқыштардың да құны шарықтап кеткен. Одан қалса жанармай да қымбат. Жылдар бойы шешімін таппай диқандарды әбден тоздырған түйткілдердің кесірінен қызылша егетіндердің саны да күрт азайған. Айналдырған үш-төрт жылда 50 шаруақожалығы тәтті түбір өсіруден бас тартыпты. Мұны әкімдіктегілер де мойындап отыр. Ал биыл қант қызылшасы 800 гектар алқабқа егілсе де, оның 200-ден астамы мүлдем шықпай қалған.

«Жоспар бойынша 25 шаруа қожалық 800 гектар алқапқа қант қызылшасын септі. Енді көктем уақытында ауа райының қолайсыздығына байланысты 235 гектар алқапқа қызылша шықпай қалды. Жердің қыртысына байланысты. Жаңбыр жауды. Енді 565 гектар жиналады. Бүгінде қазу жұмысы жүріп жатыр», — дейді Ақсу ауданы жер қатынастары мен ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары Азамат Қасымов.

Бұл көлем «Ақсу Қант» зауытының көңілінен шықпайды. 2017 жылданбері қант қызылшасының қажетті көлемі келмей, сол уақыттан бері шығынға біз дебатып отырмыз дейді зауыт басшысы. Осылайша зауыт келесі жылдан бастап қамыстанқант шығаруды қолға алмақ.

Айта кетері, бір келі қант қызылшасына қарағанда, қамыс бағасы әлдәқайда қымбат әрі шикізат шетелдентасымалданады. Дегенменқамыстан қант көбірек өндірелген соң, шекер бағасына әсер етпейді дейді басшы.Сондай-ақ зауыт келесі жылы жергілікті өнімді қабылдауға да сөз берді. Бірақ бағасы әзірге белгісіз.

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев көктемде Жетісу өңіріне арнайы ат басын бұрған еді. Шаруалар оңтайлы сәтті пайдаланып, дәл осы бітпейтін мәселені көтерген. Әдеттегідей, министр шаруашылыққа қолдау көрсетуді тоқтапаймыз, жалпы өнім көлемін екі есе ұлғайтамыз деп уәдені үйіп-төккен еді. Шаруалар арада бақандай сегіз ай өтсе де, түйткілдердіңбірде-бірі әлі күнге дейін шешілмей келеді дейді.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер