НЕЛІКТЕН ЕЛДЕ СҮТ ӨНІМДЕРІНІҢ ӨНДІРІСІ ТӨМЕНДЕП ЖАТЫР?

НЕЛІКТЕН ЕЛДЕ СҮТ ӨНІМДЕРІНІҢ ӨНДІРІСІ ТӨМЕНДЕП ЖАТЫР?

Ресеймен Украина арасындағы қақтығыс еліміздегі сүт нарығына да әсер етті. Шикі сүт, майлар және басқа да қажетті компоненттер негізінен осы елдерден жеткізігенеді. Жеткізу тізбегі үзіліп, импортты алмастыру жолға дер кезінде қойылмады, осыған қоса, бар қуат нарықтың 70%-на ғана жетеді.

Сондықтан да ауыл шаруашылығы министрлігі жыл соңына дейін сүт өнімдерін өндірудің 8%-ға төмендеуін болжап отыр. Ведомствоның мәліметінше, алғашқы алты айда өңделген сүт 410 мыңнан 373 мың тоннаға дейін, яғни 9%-ға азайды. Ал төмендеу үрдісі жалғасуда.

Азық-түлік қауіпсіздігін орнату үшін агроөнеркәсіптік кешендер, фермалар, зауыттар, жем-шөп қажет.

Ірімшікпен сүзбе өндірісі төмендеді. Егер жыл басында 26,5 мың тонна шығарылса, қазір — 24,5 мың. Сары май мен қоюландырылған сүт аз өндіріледі.

Әрине, өндірістің қысқаруы бағаның өсуіне әкелді. Жыл басынан бері сүт өнімдерінің бағасы шамамен екі есе өсті. Мысалы, майлылығы 3,2% болатын сүт ақпан айында орташа есеппен 300 теңгені құрады, ал қазір ол үшін 620 теңге төлеу қажет.

Сала мамандары Иран, Тәжікстан және Түркиядан шикізат жеткізуді жолға қояды деп күтуде. Арзан шикізат бағаның өсуін тежеуге көмектеседі. Сонымен қатар, сарапшылардың пікірінше, шағын қосалқы шаруашылықтарды кооперативтерге біріктіру және сүтті сиырларды сатып алуды субсидиялау қажет.

Өңірлеріңізде сүт өнімдерінің қымбаттауы байқалады ма?

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер