Сыртқы сауда саясаты және экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия пияз экспортына 3 ай мерзімге тыйым салу туралы шешім қабылдады. Бұл пияздың Қазақстаннан жаппай шығарылуын болдырмау және оның бағасын тұрақтандыру үшін жасалды, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.
Үшінші елдердің қазақстандық пиязға деген сұранысы Азия мен әлемдегі ең іріпияз өндірушілердің бірі — Пәкістандағы табиғи апаттармен байланысты. Бұлелдегі су тасқыны әлемде, оның ішінде біздің елдің нарығында пияз бағасыныңөсуіне әкелді.
Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде, сондай – ақ Өзбекстанда өнімнің қаттыаязда үсіп кетуі оның құнына қосымша салмақ болып отыр. Осылайша, пияздың негізгі өндірушілері енді қазақстандық өнімді белсенді түрде импорттап жатыр.
Сонымен қатар, Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2022 жылыелдегі пияздың өнімі 1,1 миллион тоннаны құрады. Бұл ретте қазақстандықтар жылсайын бұл көлемнен 3 есе аз, орташа есеппен алғанда 315 мың тонна тұтынады.
Әкімдіктердің деректеріне сәйкес бүгінгі күні елімізде пияздың расталған қоры 152,4 мың тоннаны құрайды, бұл өткен жылғы егіннің жалпы көлемінің 14%ғана. Бұл көлем жаңа өнім жиналғанға дейін жеткілікті, сондықтан экспортқа енгізілген шектеулер Қазақстаннан қалған пиязды әкету тәуекелдерін болдырмайды.
Өңірлеріңізде пиязбағасы өзгерді ме?
Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер