ЖАМБЫЛ АГРАРШЫЛАРЫНЫҢ СУАРМАЛЫ СУМЕН МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАШАН ШЕШІЛМЕК?

ЖАМБЫЛ АГРАРШЫЛАРЫНЫҢ СУАРМАЛЫ СУМЕН МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАШАН ШЕШІЛМЕК?

Жамбыл облысында суару каналдарын, дренаждық жүйелермен құрылыстарды қайта жаңарту тоқтап қалды. Жамбыл шаруалары 2023 жылғы вегетациялық кезеңнің басында суармалы суды пайдалануға мүмкіндік ала ма, жоқ па, соны облыстық әкімдікте талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жамбыл облысы үшін Еуропалық Қайта Құру және дамубанкі арқылы Жамбыл, Жуалы, Байзақ, Қордай және Меркі аудандарында суару каналдарын, дренаждық жүйелер мен құрылыстарды қайта жаңарту бойынша 34 жобаны іске асыруға қаражат бөлінді.

2022 жылдың басында осы су объектілеріндегі жөндеу-құрылыс жұмыстарын аяқтау мәселелері әрбір жауапты мердігермен жеке талқыланып, мерзімдер мен жұмыс кестелерінің бұзылуының себептерін анықтады. Арнайы жұмыс тобы құрылды, жоспар-кесте белгіленді. Алайда мердігерлер хаттамалық тапсырмаларды орындамады.

Жобалардың жалпы құны 26,5 млрд теңгені құрайды, бүгінгі таңда 12,8 млрд теңге игерілді. 91 каналды (380,9 км), 321 құрылысты,33 ұңғыманы жөндеу аяқталды. 173 каналда жөндеу жұмыстары жүріп жатыр, олар келесі жылы аяқталады. Облыста 53,9 мың га суармалы жерді қалпына келтіру жоспарлануда (23,9 мың га қалпына келтірілді).

Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов жұмыстың ұзаққа созылған мерзімдеріне қатысты суару жүйелерін қайта құру жұмыстарын сынға алды.

«Жалпы сандар көңіл көншітпейді. Мердігерлер жыл соңына дейін жұмыстың 85-90% орындалатынына сендірді. Жаңа вегетациялық маусым басталғанға дейін барлық нысандар тапсырылуы керек еді. Нақты нәтижелердің орнына тек бос әңгімелер. Барлық қаржылық мәселелер шешілді. Мердігерлерде құрылыс жұмыстарының кестесін бұзу үшін елеулі дәлелдержоқ», — деп атап өтті Нұржан Нұржігітов.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер