НЕЛІКТЕН СУБСИДИЯЛАУ САЛАСЫ ФЕРМЕРЛЕРДІҢ БАС АУРУЫНА АЙНАЛЫП ОТЫР?

НЕЛІКТЕН СУБСИДИЯЛАУ САЛАСЫ ФЕРМЕРЛЕРДІҢ БАС АУРУЫНА АЙНАЛЫП ОТЫР?

Қазақстанда фермерлерге қаражат бөлу аты шулы сала болып табылуда. Көп жағдайда бөлінген ақшаның бір бөлігі фермерлерге жетпейді.

Өткен жылы ауыл шаруашылығы министрлігі мен бірқатар облыстардың әкімдіктері бөлімшелерінің қызметкерлеріне қылмыстық істер қозғалғаны белгілі. Қамауға алудың себебі — бөлінген субсидиялардың ұрлануы, пара. Айта кетсек, соңғы 5 жылда аграршыларға 2 трлнтеңгеге субсидия бөлінген.

Салалық министрліктің басшысы Ербол Қарашөкеев агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға 2022 жылы 309 млрд теңге, оның ішінде өсімдік шаруашылығына – 79,7 млрд теңге, мал шаруашылығына – 100 млрд теңге, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге – 8,4 млрд теңге, қаржы құралдарына – 120,4 млрд теңге субсидия қарастырылғанын айтты.

АШМ бірқатар жанжалдардан кейін субсидиялау тетіктерін реформалауды бастады, тіпті АӨК субсидиялаудың бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесі құрылды. Егер бәрі ойдағыдай болса, аталмыш жүйе фермерлерге субсидияларды бөлу мәселесіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады.

Осы тақырып бойынша пікіріңіздібіздің Malbazar телеграм-арнамызда жаза аласыздар.