ҚАРАШӨКЕЕВ НЕЛІКТЕН «БӘЙТЕРЕКТІҢ» ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНЕН ШЫҒАРЫЛДЫ ЕКЕН?

ҚАРАШӨКЕЕВ НЕЛІКТЕН «БӘЙТЕРЕКТІҢ» ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНЕН ШЫҒАРЫЛДЫ ЕКЕН?

«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ жалғыз акционерінің шешімімен холдингтің директорлар кеңесінің құрамына өзгерістер енгізілді. Бұл туралы Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлады.

Атап айтқанда, директорлар кеңесінің мүшесі Ербол Қарашөкеев шығарылып, Директорлар кеңесінің мүшесі Қанат Шарлапаев сайланды.

Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, «Бәйтерек» холдингінің директорлар кеңесі онадамнан тұрады: Әлихан Смайылов, Тимур Сүлейменов, Роман Скляр, Ерұлан Жамаубаев, Әлібек Қуантыров, Қайырбек Өскенбаев, Қанат Шарлапаев, Клаус Мангольд, Томас Миров, Филип Йео.

Естеріңізге сала кетейік, «Бәйтерек» холдингі міндеттерінің бірі агроөнеркәсіптік кешенді қаржылай қолдау болып табылады.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысын неге кеңестен шығарып тастады деп ойлайсыздар?

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер