ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: УЧАСКЕЛІК АУЫЛ ТҰРҒЫНЫНА АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ ЖЫЛҚЫЛАРДЫ ҚАЙТАРЫП БЕРДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: УЧАСКЕЛІК АУЫЛ ТҰРҒЫНЫНА АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ ЖЫЛҚЫЛАРДЫ ҚАЙТАРЫП БЕРДІ

Түркістан облысындағы учаскелік инспектор асыл тұқымды жылқыларды ауыл тұрғынына қайтарды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Келес ауданының полициясына жергілікті тұрғын келіп, тұрғылықты жерінен 100 метр қашықтықта жайылымда жайылып жүрген екі асыл тұқымды жылқысынан айырылғанын хабарлады. Жәбірленушіге келтірілген шығын шамамен 2 миллион теңгені құрады.

Ауыл тұрғынымен бірге полиция қызметкері жақын маңдағы барлық аумақтарды аралап, жайылымдар мен тоғайларды аралады.Нәтижесінде жоғалған жылқылар біркүн ішінде табылды. Белгілі болғандай, қараусыз қалған жылқылар Сарыағаш ауданындағы көрші жайылымға кеткен.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер